02 қыркүйек 2019 11:07

Петропавлда кәсіпкерге оқ атқан: Күдіктілер ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Полиция Петропавлда кәсіпкерге қарулы шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен екі жігітті анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Петропавлда кәсіпкерге қарулы шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен екі жігітті анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмысқа күдікті ретінде Қызылжар ауданының 1997 жылғы тұрғыны мен Петропавл қаласының 1990 жылғы тұрғыны өтіп жатыр екен. Оларды қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта болған жағдайдың нақтыланға дәйектері іздестіріліп, осы қылмысқа барғандардың қаншалықты кінәлілік деңгейі анықталатын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы тергеу амалдарын полиция департаменті, қалалық және облыстық прокуратура ерекше бақылауға алды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, оқиға 26 тамызда таңғы 04:00 шамасында Жұмабаев көшесінің бойындағы үйдің ауласында болған. Оқ тиген ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 27 тамызда дәрігерлер оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалаған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram