20 мамыр 2017 | 09:21

Петропавлда кезінде ерлік жасағаны үшін медаль алған қыз сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда кезінде ерлігі үшін медаль алған қыз жантүршігерлік қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда кезінде ерлігі үшін медаль алған қыз жантүршігерлік қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Петропавлда осыдан 4 жыл бұрын суға ағып бара жатқан ер адамды құтқарған бойжеткен 7 жылға сотталды. Сол ерлігі үшін кезінде, тіпті, медаль алған ол, осы оқиғадан бір жыл бұрын көршісін өлтірген екен. Алайда бұл қылмысын тек былтыр мойындап, тәртіп сақшыларына өзі келген", - дейді телеарнадағылар.

25 жастағы Ксения Шестоперова суға кетіп бара жатқан ауылдасын қалай құтқарғанын айтып берген. Алайда сол оқиғадан тура бір жыл бұрын ол әкесімен қосылып арақ ішкен маскүнем көршісін пышақтап өлтірген екен. Мүрдені қораның артына көміп тастап, жылдар бойы ешкімге тіс жармаған. Тек былтыр ар азабын тартқан қыз тәртіп сақшыларына өзі келіп, болған жайды айтыпты. Бұған оның жазылмас дертке шалдыққаны да себеп болуы мүмкін дейді судья.

"Сот отырыстары барысында оның сол қылмысы үшін қатты өкінгені көрініп тұрды. Оның үстіне  адам құтқару екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой. Сондықтан мен айып тағылған бап бойынша ең жеңіл жаза қолдандым. Соның өзі жеті жыл. Қазір қатерлі ісік ауруына шалдығуына байланысты бостандыққа шығуы да мүмкін", - деді  СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сергей Викторенко.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети