©Tengrinews.kz
Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бұрынғы студентіне осы оқу орнының психология кафедрасының аға оқытушысын өлтірді деген күдік келіп отыр деп жазады "Экспресс-К". 35 жастағы әйелдің пышақ жарақаты салынған мәйіті 21 ақпан күні оның өзі тұратын көпқабатты үйдің подъезінен табылған. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Петропавл қаласының тұрғыны тергеу изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Әріптестерінің айтуынша, марқұм ажарлы келіншек болған, бірнеше жоғары білімі бар, Омбыда магистратураны тәмамдаған. Студенттерге оның дәрістері қатты ұнайтын, бұрынғы студенттерінің арасында ұсталған күдікті де бар, ол заңгер мамандығы бойынша оқыған. Жігіт оқытушысына ықылас танытып жүрген, бірақ оқытушыға бұрынғы студентінің бұл қылығы ұнамапты. Ғашық шәкірті сонда да соңынан қалмаған. Әріптестерінің айтуынша, жігіт оған жиі қоңырау шалып, аңдитын болған. Университет қызметкерлері күдіктінің сол күні кафедраға келіп, өзін тәртіпсіз ұстағанын айтады. Бірнеше сағаттан соң әйел құрбысына қоңырау шалып, жанұшырып көмек сұрайды. "Мен нақты білмеймін, қауесет бойынша оған сегіз рет пышақ салынған, соның ішінде, жүрегіне пышақ сұғылған. Қатты жаным ашып отыр, айтар сөзім жоқ", - дейді университеттің бір қызметкері.
Петропавлда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бұрынғы студентіне осы оқу орнының психология кафедрасының аға оқытушысын өлтірді деген күдік келіп отыр деп жазады "Экспресс-К".
35 жастағы әйелдің пышақ жарақаты салынған мәйіті 21 ақпан күні оның өзі тұратын көпқабатты үйдің подъезінен табылған. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Петропавл қаласының тұрғыны тергеу изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.
Әріптестерінің айтуынша, марқұм ажарлы келіншек болған, бірнеше жоғары білімі бар, Омбыда магистратураны тәмамдаған. Студенттерге оның дәрістері қатты ұнайтын, бұрынғы студенттерінің арасында ұсталған күдікті де бар, ол заңгер мамандығы бойынша оқыған. Жігіт оқытушысына ықылас танытып жүрген, бірақ оқытушыға бұрынғы студентінің бұл қылығы ұнамапты. Ғашық шәкірті сонда да соңынан қалмаған. Әріптестерінің айтуынша, жігіт оған жиі қоңырау шалып, аңдитын болған.
Университет қызметкерлері күдіктінің сол күні кафедраға келіп, өзін тәртіпсіз ұстағанын айтады. Бірнеше сағаттан соң әйел құрбысына қоңырау шалып, жанұшырып көмек сұрайды. "Мен нақты білмеймін, қауесет бойынша оған сегіз рет пышақ салынған, соның ішінде, жүрегіне пышақ сұғылған. Қатты жаным ашып отыр, айтар сөзім жоқ", - дейді университеттің бір қызметкері.