Петропавлда сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықтан екі қыз зардап шекті. Олардың бірі тоғыз, екіншісі он үш жаста. Бұл жаңалық қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавлда сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықтан екі қыз зардап шекті. Олардың бірі тоғыз, екіншісі он үш жаста. Бұл жаңалық қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тез таралып кетті. Тіпті педофилдердің суреттері де жарияланған. Қала тұрғындары енді балаларын жалғыз көшеге жіберуден қорқып отыр.
"Балаларға ие болыңыздар, өйткені бүгін тубдиспансердің жанындағы аялдамада 13 жастағы қыз зорланған. Сондықтан балалардың қараусыз жүруіне жол бермеңіз, қалада маньяк пайда болды", - делінген хабарламада.
Полиция бұл ақпаратты растады. Онда қылмыстардың бірі 3 тамызда, екіншісі сол күннің ертесі болғаны хабарланды. Зорлық-зомбылық әрекетін екі адам жасаған. Күдіктілердің бірі ұсталды.
"2021 жылдың 3 тамызында облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Екінші күдіктінің ұсталғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
Екі қылмыс та қылмыстық құқық бұзушылық картасына енгізілген. Онда шабуылдардың бірі тубдиспансер маңындағы далада, екіншісі Тауфик Мұхамед - Рахимов атындағы көшеде болғаны көрсетілген.
Резонанс тудырған құқық бұзу деректері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығы бақылауында. Тәртіп сақшылары ата-анадан қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Еске салайық, биыл Қазақстанда кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотталған 50 адам қамау орындарынан шығатыны туралы хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!