Петропавлда полицей жүргізушіден итке белбеу тағуды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда полицей жүргізушіден итке белбеу тағуды талап етті Автомобилистердің қоғамдық Одағы\YouTube

Павтропавлда полиция инспекторы жүргізушіден итке белбеу тағуды талап еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Автомобиль жүргізушілерінің Қоғамдық Одағына" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павтропавлда полиция инспекторы жүргізушіден итке белбеу тағуды талап еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Автомобиль жүргізушілерінің Қоғамдық Одағына" сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл оқиға 8 наурызда болған. Полицейдің жүргізушіден итке қауіпсіздік белбеуін тағуды талап еткен сәті видеоға түсіп қалған. Бейнежазбаның үшінші минутында полиция қызметкері қауіпсіздік белбеуін адамдарға ғана емес, итке де тағу керек екенін айтады.

Ал жүргізуші "Автомобиль жүргізушілерінің Қоғамдық Одағының" мүшесі болып шығады. Ол ІІМ-ге хат жазып, қызметкерді мемқызметкердің этикалық нормаларын бұзғаны үшін жазалауды сұрайды. "Біздің хатымыздан кейін, полиция сержантына қатысты қызметтік тексеріс жүріпті. Оның әрекетін тәртіптік комиссия қарап, кейін оның қандай тәртіптік жазаға тартылатынын шешеді", - деп хабарлады Одақтың мүшелері.

Айта кетейік, ҚР Жол қозғалысы ережесінде жануарларды көлік салонында қалай тасымалдау керектігі жазылмаған. Бірақ ІІМ кеңес беріп отыр: итке көлік салонында белбеу тағуға болмайды, әйтпесе ит не жарақат алуы мүмкін, не өліп қалуы мүмкін екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети