Петропавлдағы түнгі клубта белгісіз біреулер баскетболшыны өлімші етіп сабаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы түнгі клубта белгісіз біреулер баскетболшыны өлімші етіп сабаған Игорь Нанаев

Петропавл қаласының түнгі клубтарының бірінде 23 жастағы баскетболшы Игорь Нанаевты белгісіз біреулер аяусыз ұрып-соққан. Ол онда тағы екі спортшымен келген. 2 қыркүйекте Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің қабылдау кеші өтіп жатқан, сол жерде төбелес шыққан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Бастапқыда олар сөйлесіп тұрған, содан кейін сөзден сөз шығып жанжал басталған. Төбелес бастаушыны ұрып, талдырып тастаған. Олардың Игорьді айуандықпен тепкілегені ашуыма келді. Оның басын асфальтқа соққан, ол есінен танып жатқан кезде басына секірген. Оны өлтірмек болғандай", - деді "Барс" клубының директоры Михаил Дедов.

Дедовтың айтуынша, спортшыларға ондай мекемелерге баруға тыйым салынған, алайда тоқтату мүмкін емес көрінеді. 

10 шақты адам қатысқан жаппай төбелестің салдарынан баскетболшыны жедел жәрдем көлігі алып кетіп, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер науқастың халі туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Ол комада жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, төбелескендерді ешкім ажыратуға талпынбаған. Оқиғаның анық-қанығын полиция зерттеп жатыр.

Баскетболшы Игорь Нанаев Петропавлға Өскеменнен келген. Оны "Барс" клубы шақырған. Еңбек келісімін жасағаннан кейін бір ай өткенде мынадай оқиға болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети