Полицейлер Алматы әуежайында ұсталған жалаңаш ер адамға қатысты мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы әуежайында ұсталған жалаңаш ер адамға қатысты мән-жайды айтты

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйтсек, ол Алматының 1976 жылғы тұрғыны екен. 

"Бұл оқиға кеше сағат 19.45-те болған. Алматы қалалық ІІД-нің Жедел әрекет ету орталығына тыр жалаңаш ер адамның Алматы әуежайының алаңында адамдарға тиісіп жүргені жайлы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының экипажы жетті. Ер адам алкогольге және есірткіге мас болған сияқты, бірақ нақты анықтау қиындық туғызды. Сұраққа нақты жауап бермеді. Қашуға тырысты, сондықтан ол ұсталып, Түрксіб аудандық ІІБ-ге жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

"Дәрігерлер бригадасы шақыртылды. Олар ер адамды тексерді. Қазіргі уақытта психоневрологиялық диспансерге ер адамның есепте тұрған-тұрмағанын анықтау үшін сұраныс жіберілді. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның кім екені анықталды. Ер адам бұрын сотты болған. Ол өзінің әрекетін түсіндірмеді", - деді полициядағылар.  

"Была вызвала бригада медиков. Они осмотрели его. Сейчас официально направили запрос в психоневрологический диспансер, состоит ли он на учете. По нашей линии он был привлечен к административной ответственности за мелкое хулиганство. Личность его установлена.

Алматы әуежайында жалаңаш ер адамның ұсталғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Кадрлардан бірнеше полицейдің жалаңаш ер адамды көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети