Полицейлер Алматы облысында арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы облысында арнайы операция жүргізді видеодан үзінді

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Алматы облысында өткізген арнайы операция кезінде марихуана мен гашиштің ірі партиясы анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Алматы облысында өткізген арнайы операция кезінде марихуана мен гашиштің ірі партиясы анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел шаралар Алматы-Бішкек тасжолында ұйымдастырылып, 97-шақырымында Pontiac автокөлігі тоқтатылған. Куәгерлердің қатысуымен жолаушыдан төрт келі 627 грамм марихуана және 5,52 грамм гашиш тәркіленген.

"Жолаушы ретінде таксимен жүрген Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам бұрын есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді облыстық полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Күдікті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети