Полицейлер Интернеттегі "саудагерлердің" ақшаны қалай ұрлайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Интернеттегі "саудагерлердің" ақшаны қалай ұрлайтынын айтты © opravdaem.ru

Солтүстік Қазақстанда 37 жастағы әйел интернет-қарақшылықпен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда 37 жастағы әйел интернет-қарақшылықпен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, еш жерде жұмыс істемейтін астаналық әйелдің колеса.kz сайтына жалған хабарландыру жариялап, оған хабарласқан облыс тұрғындарының бірінен алдын ала төлем жасауын талап еткені анықталды.

"Әйел түрлі маркадағы автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сатамын деп, хабарландыру жариялаған. Кейін тұрғындардың бірінің алдын ала төлемін банк карточкасы арқылы алып алып, байланысқа шықпай қойған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ІІД мәліметтері бойынша, әйел ұсталып, тұрғынның ақшасы өзіне қайтарылды, екі тарап ымыраға келді. Мұндай жағдайға тап болмау үшін полицейлер мынадай кеңес беріп отыр:

- тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз;

- белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз;

- банк карточкасының номерін, пин-кодты, ұялы телефонға келетін құпия сөзді ешкімге айтпаңыз.

Полицейлердің айтуынша, жалған хабарландырулар көп жағдайда Kolesa, Olx, Instagram, Krisha сайттары арқылы жарияланады. Алаяқтар пәтер, көлік немесе өзге де заттарды сатамын деп алдап, ақша ұрлайды немесе сатып алушы болып, алдын ала төлем жасауды ұсынып, банк карточкасына қатысты барлық мәліметті алып, ондағы қаржыны шешіп алады.

Айта кетейік, СҚО ІІД "Контрафакт" операциясын жүргізді. Іс-шара кезінде 14 қылмыстың беті ашылды, олардың 11-і интернет-қарақшылық.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети