Полицейлер тұтқындаған қарағандылықтың өлімінің себебі анықталды

Полицейлер т?т?ында?ан ?ара?андылы?ты? ?ліміні? себебі аны?талды. Сот-медициналы? сараптаманы? ?орытындысына ?ара?анда, жігітті? ж?регі то?тап ?ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер тұтқындаған қарағандылықтың өлімінің себебі анықталды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қарағанда, жігіттің жүрегі тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сараптаманың қорытындысы жүрек қызметі тоқтағанын көрсетті", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қарағандының Октябрь аудандық прокуратурасы 25 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеу бастады.

Реклама
Реклама

"Қарағандының Октябрь аудандық прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы бойынша ("Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру:) тергеу бастады. Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін қарағандылық жігіттің полицейлердің тұтқындауы кезінде көз жұмғаны хабарланған болатын. полиция өкілдері өз кезегінде 8 қарашада шамамен сағат 20.00-де Қарағандының Киров бөлімінің полиция бөлімшесіне 19 жастағы тұрғыннан белгісіз біреулердің оны ұрып кетіп, ұялы телефонын алып кетіп қалғаны жайлы хабарлағанын айтты. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама