09 қараша 2017 11:27

Қарағандылық жігіт полицейлердің тұтқындауы кезінде көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері осыдан бірнеше сағат бұрын Instagram желісіндегі Shock_Krg парақшасында пайда болған даулы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облыстық ІІД өкілдері осыдан бірнеше сағат бұрын Instagram желісіндегі Shock_Krg парақшасында пайда болған даулы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода куәгерлер полицейлердің жігітті өлгенше ұрып-соққанын айтады.

Ал полиция өкілдері өз кезегінде 8 қарашада шамамен сағат 20.00-де Қарағандының Киров бөлімінің полиция бөлімшесіне 19 жастағы тұрғыннан белгісіз біреулердің оны ұрып кетіп, ұялы телефонын алып кетіп қалғаны жайлы хабарлағанын айтты. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қарағандының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Шамамен сағат 22.30-да полиция қызметкерлері күдіктіні 23-ші ықшамауданда орналасқан № 15 үйдің маңынан байқаған. Сол сәтте күдікті ұялы телефонды бірден лақтырып жіберген. Онымен қоса, полицейлерге қарсылық көрсеткен. Асфальтқа басын ұра бастаған. Бірақ бірнеше минуттан соң күдікті тынышталды. Содан полиция қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырып, күдіктіге көмек көрсетілді. Бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан. Қарсылық көрсету және өлім дерегі сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта күдіктінің өлімін анықтау мақсатныда қажетті сараптамалар тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети