Полиция Алматы облысында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Алматы облысында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты деректерді айтты © mapio.net

Алматы облысында Талғар өзенінде денесі табылған ер адамға қатысты қылмыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Талғар өзенінде денесі табылған ер адамға қатысты қылмыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, 2 қарашада Талғардағы Кеңдала ауылының маңында жергілікті тұрғындар денесінде зорлық белгілері бар ер адамның денесін тауып алған. Қаза болған ер адамның Балқаш ауданының тұрғынын екені анықталды. Оған жеті рет пышақ салған.

Полициядағылардың айтуынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қаратал ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қазіргі уақытта қамауда.

"Күдіктінің ер адаммен бірге алкоголь ішіп, нәтижесінде екеуінің арасында дау шыққаны анықталды. Ер адамның осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети