Полиция Алматыда аккумулятор ұрлады деген күдіктілердің суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Алматыда аккумулятор ұрлады деген күдіктілердің суретін жариялады

Алматыда аккумулятор ұрлаумен айналысып келген деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аккумулятор ұрлаумен айналысып келген деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қалада Қазақстанның әр өңірінен келген төрт жігіт осындай қылмысқа барған. Негізінен олар жеке сектордағы үйлерден ұрлап жүрген.  

"Түнгі уақытта көліктерді бақылап, үйінің алдына қойылған немесе қауіпсіздік дабылы жоқ көліктерді тонап келген. Бірнеше минут ішінде қаскөйлер көліктің аккумуляторын шешіп кетіп, ізім-ғайып жоғалатын болған. Қазіргі уақытта олардың барлығы ұсталды, қамауға алынды. Тергеу барысында қайысысы қандай рөл атқарғаны анықталады. Әзірге олардың осындай 13 қылмысқа қатысы бары анықталды, осы іске қатысты заттай деректер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Дінмұхамед Әуелхан. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа да деректерді анықтап, аккумуляторлардың қайда өткізілгенін анықтайтын болады. Ұрланған аккумуляторларды қабылдаушылар да заң алдында жауап беретін болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети