Полиция иттің терісін тірідей сыпырып алған тараздықты іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция иттің терісін тірідей сыпырып алған тараздықты іздестіріп жатыр Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Жамбыл облысының полициясы терісі сыпырылған итті суретке түсірген адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының полициясы терісі сыпырылған итті суретке түсірген адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әрине, біз суретті көрдік. Осы мәселемен айналысып жатырмыз, ІІД қызметкерлері суретті желіге жариялаған адамды іздестіріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде терісі сыпырылған стаффордшир терьерінің жантүршігерлік суреті жария болды. Иттің тістері мен тырнақтары жоқ делінеді. Сурет қаңғыбас жануарларға көмек көрсетумен айналысатын "Новый Шанс" қоғамдық қорының парақшасында жария болды. 

Желі қолданушылары жануарды қорлап өлтіргендерді жазалауды сұрап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети