Полиция ұрланған оқушыны ата-анасына қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция ұрланған оқушыны ата-анасына қайтарып берді Ұрлықшылар ұсталды. Сурет ©СТВ телеканалы кадрынан алынды

Алматы қаласының полиция қызметкерлері ұрланған мектеп оқушысын құтқарып, ата-анасына қайтарып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап. Қаскүнемдер 15-жасар оқушының ата-анасынан 150 мың доллар көлемінде құн төлеуді талап етті. Оқушының әке-шешесі Алматы қалалық ішкі істер органына хабарласты, арада біраз уақыт өткенде екі күдіктінің жеке бастары анықталды. Олар ұсталып, ал оқушы құтқарылып, туыстарына қайтарылды. Алматының полицейлері бұл ұрлыққа қатысы бар тағы екі күдіктіні Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында қолға түсірді. Олар қуғындау кезінде бой тасалауға ұмтылды, алайда жол көлік апатына ұшырады, олардың көлігі алдымен талға соғылып, бағанаға барып тағы да соқтығысты. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Ұрлау фактісі бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети