04 мамыр 2017 | 17:44

Полицей көлігінің үстінде отырып, әдепсіз қылық көрсеткен алматылық жауапкершілікке тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінен © Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінен

Алматыда полиция көлігінің капотында отырып, саусағын шошайта суретке түскен жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс "Билік өкілінің намысына тию" бабы бойынша қозғалды. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция көлігінің капотында отырып, саусағын шошайта суретке түскен жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс "Билік өкілінің намысына тию" бабы бойынша қозғалды. 

Жігіт көлік капотында отырып, ортаңғы саусағын шошайтып отыр. Сурет әлеуметтік желіде тарап кеткен. Суретті жігіт әлеуметтік желідегі өз парақшасына жариялап, ағылшын тілінде балағат сөздер жазған. 

"Аталған дерек біздің назарымызға да түсті. ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сурет авторы кінәсін мойындап, бұл іске өкінетіндігін айтты. Ол бұл әрекетін мас болғандығымен түсіндірді. Дегенмен бұл оны жауапкершіліктен босатпайды", - дейді ІІД-нің анықтау басқармасының басшысы подполковник Рүстем Әбдірахманов. 

Аталған бап бойынша 100 АЕК (226 900 теңге) көлемінде айыппұл, не 120 сағат қоғамдық жұмыс, немесе 45 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. 

Ал бұл іс ел алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып жасалса - 300 АЕК (680 700 теңге), не 200 сағат қоғамдық жұмыс, немесе 75 тәулікке қамалады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети