Полицей Түркістан облысының 28 жастағы тұрғынын өлтірді деп айыпталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© otyrar.kz © otyrar.kz

Түркістан облысында қайтыс болған жас жігіттің туыстары оның өліміне полиция қызметкерін кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында қайтыс болған жас жігіттің туыстары оның өліміне полиция қызметкерін кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сілтеме жасап.

Соңғы алты айда 28 жастағы Бақытжан Оңалбеков отбасының дүкенге азық-түлік алған 300 мың теңге қарызын өтеу үшін мал баққан. Бірақ туыстарының айтуынша, Бақытжан нағыз құлдыққа түскен.

"Оны жаман сөздер айтып боқтайтын, ұратын. Бір рет ұрғандарын өздері мойындаған. Бір ұрған адам екінші рет ұрмайтынына кім кепіл? Ол үш рет қашып шыққан, бірақ олар оны тауып алды да, алып кетті. Соңғы қашып келгенінде бес күн қалғанын айтып қайтарып жіберген едім. Осылай болатынын білгенімде жібермес едім", - дейді Бақытжан Аягөз Бердалиевтің анасы.

Бақытжанның екі жасар ұлы қалды. Марқұмның анасы ол өзін-өзі өлтіретін күні мал иесі алты қошқар жоғалғанын айтқан екен дейді. Ол үшін тағы 300 мың теңге талап етіп, қорқытқан. Осыны естігеннен кейін Бақытжан өзіне қол жұмсаған.

"Біз кеше Ленгерге бардық, ондағылар әлгі мал иесі  Сайрамда жол полициясы болып жұмыс істейтінін айтты. Жол полицейі болса да, біреудің баласын осылай қорлауға құқы жоқ еді, оның да балалары бар ғой", - дейді анасы.

Туыстары журналистерге мал иесінің телефон нөмірін берген болатын. Алайда ол оған ешкім жұмыс жасамағанын айтты. "Мұндай нәрсе болған жоқ, ол менде жұмыс істемеді. Сен шатастырып жатқан шығарсың", - деп жауап берді.

Бақытжанның туыстары полицияға арыз жазды. Тергеу болып жатқандықтан, ер адамның денесі әлі жерленген жоқ. Түркістан облысының полиция департаменті бұл іс бақылауда екенін айтты, бірақ олар бұл туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer