Полицейді өлтірді делінген күдікті Степногорскте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Полицейді өлтірді делінген күдікті Степногорскте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының ұсталған 22 жастағы тұрғыны полицейге қатысты ауыр қылмыс жасау бойынша күдікке ілініп, іздестірілген. Ол Қарағанды облысының кассациялық сотының 2014 жылдың 15 сәуіріндегі қаулысының негізінде ұсталды. Оған ҚР ҚК 103 бабының 3-бөлігі бойынша ("Байқаусызда адамның өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зақым келтіру") айып тағылды.
ІІД баспасөз өкілдерінің айтуынша, 2012 жылдың 27 мамырында Ұлытау ауданының Жезді ауылында өз үйінің ауласында Қарағанды облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Ұлытау аудандық полиция взводының полицейі "Бассүйек-ми жарақаты, оң көзі кесілген жарақаты" деген диагнозымен табылған. 30 мамырда полицей Жезқазғанның жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 2015 жылдың 1 қыркүйегінен мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта күдікті Степногорск ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД өкілдері.