Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының тұрғыны өз кураторына барып уақытында белгі соқтырмағаны үшін, оның телефонының нөмеріне мың теңге салып жіберген. Инспектор өзіне түскен қаражатты құқық қорғау органдарына айтып, соның нәтижесінде бұзақыға 424 200 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бородулиха аудандық сотының үкімінде Бородулиха ауылының 30 жастағы тұрғыны жақында абақтыдан босап шығып, пробациялық бақылаудан өтіп тұруы тиіс болған. Ер адам көрші ауылға жұмысқа тұрған, бірақ кураторына барып тіркелмеген. Инспектормен қарым-қатынасын дұрыстау үшін бұрынғы сотталушы ұялы телефонның нөміріне мың теңге салып жібрген. Сол мезетте инспектор қаражатты алып, құқық қорғау органдарының өкілдеріне айтқан. Мемқызметкердің айтуынша, түрмеден жаңадан босап шыққан адам, телефонына бірлік саламын деп те ескертпеген, яғни куратордың өзі де білмеген.
Бородулиха аудандық соты бұрынғы сотталушыға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 676-бабы ("Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi") бойынша кінәлі деп танып, оған 200 АЕК (424 200 теңге) айыппұл салған.