Полицейге көзашытқыш баллонмен шабуылдаған ер адамның видеосы тарады

viewings icon 8370 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматылық полицейлер бұрыш баллонымен тәртіп сақшысына шабуылдаған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық полицейлер бұрыш баллонымен тәртіп сақшысына шабуылдаған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларына қарағанда, егде жастағы ер адам қызметкерлердің біріне көзашытқыш баллоннан сұйықтық шашқан. Ал видео сипаттамасында екі жыл бойында өз баласымен көрісе алмай жүрген қазақстандық келіншектің оқиғасы баяндалады. 

"Туған анасына өз баласын көруіне рұқсат бермей жатыр. Мұның алдында әйел кей адамдардың заңсыз әрекетінен полицейлеріміздің де шарасыз екенін көрсететін видео жариялаған. Біз заң үстемдік ететін мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ба?", - делінген жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл оқиға 2020 жылдың 7 желтоқсанында Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады.

"Учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторлары сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін тарту туралы қаулы негізінде жеке сот орындаушысымен және қорғаншылық органының өкілімен бірлесіп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызды оның анасы 1994 жылы туған К.Бияхметке беру мақсатында үйге барды. Осы кезде үйге 1954 жылы туған М. есімді азамат келді, ол баланың атасы. Ол полиция қызметкеріне және жеке сот орындаушысына агрессия танытып, бұрыш спрейін қолданды", - деп хабарлады Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.

Бұл әрекеті үшін ер адам ҚР ҚК-нің 381-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Іс бойынша іс жүргізуді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы жүргізетіні айтылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
22°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro