Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сөйтсек, ол Алматының 1976 жылғы тұрғыны екен.
"Бұл оқиға кеше сағат 19.45-те болған. Алматы қалалық ІІД-нің Жедел әрекет ету орталығына тыр жалаңаш ер адамның Алматы әуежайының алаңында адамдарға тиісіп жүргені жайлы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының экипажы жетті. Ер адам алкогольге және есірткіге мас болған сияқты, бірақ нақты анықтау қиындық туғызды. Сұраққа нақты жауап бермеді. Қашуға тырысты, сондықтан ол ұсталып, Түрксіб аудандық ІІБ-ге жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Дәрігерлер бригадасы шақыртылды. Олар ер адамды тексерді. Қазіргі уақытта психоневрологиялық диспансерге ер адамның есепте тұрған-тұрмағанын анықтау үшін сұраныс жіберілді. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның кім екені анықталды. Ер адам бұрын сотты болған. Ол өзінің әрекетін түсіндірмеді", - деді полициядағылар.
"Была вызвала бригада медиков. Они осмотрели его. Сейчас официально направили запрос в психоневрологический диспансер, состоит ли он на учете. По нашей линии он был привлечен к административной ответственности за мелкое хулиганство. Личность его установлена.
Алматы әуежайында жалаңаш ер адамның ұсталғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Кадрлардан бірнеше полицейдің жалаңаш ер адамды көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.