Алматы зиратында адамдарды тонағаны үшін ұсталған ер адам бірнеше рет сотты болған және 20 жылдан аса уақыт темір тордың арғы жағында болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Алматы зиратында адамдарды тонағаны үшін ұсталған ер адам бірнеше рет сотты болған және 20 жылдан аса уақыт темір тордың арғы жағында болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Жедел уәкілдер 10 мамырда оқиға орнына барып, 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстаған. Оқиға орнында заттай айғақтар табылған. Оның ішінде пышақ та болған. Зардап шеккен екі әйел қаскөйді таныды.
Сөйтсек, ұсталған адам бірнеше қылмысы үшін жазаланған. Бірінші қылмысы үшін ол 1982 жылы сотталған. Кейін 1991 жылы тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 1996 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2005 жылы қарақшылық, зорлау және ер адамға қатысты зорлық әрекеттері қылмысын жасағаны үшін тағы да сотты болған.
Ол 2017 жылдың қаңтарында түрмеден босап шыққан және осы уақыт бойы еш жерде жұмыс істемеген. Түрксіб ауданында егде жастағы шешесімен өмір сүрген.
"9 мамырда зиратта екі әйелді тонады. Біреуін пышақтың сабымен ұрған. Ол сол күні тағы бір қылмыс жасаған, алайда әйел оқиға орнында арыз жазбады. Ол әйелді балаларының көзінше тонаған. Қазір ұсталған адамның сәуір айында болған басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріледі. Ата-аналар күні мен Пасхадан кейін зиратта осыған ұқсас оқиғалар болған. Оны қамауда ұстау туралы өтініш білдіреміз", - деді Әзірбек.
192-баптың 2-бөлігінің 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, осыған дейін белгілі журналист Татьяна Гуржий Facebook желісінде жантүршігерлік оқиғаны баяндаған болатын.
Полицейлер өз кезегінде бұл ер адамнан жәбірленген тұрғындардан полицияға хабарласуын сұрайды.