Қазақстанда криминалдық полиция қызметкерлері 2017 жылдың басынан бастап жалдамалы пәтерлер мен қонақүйлерде жасырынған 64 ұры мен алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда криминалдық полиция қызметкерлері 2017 жылдың басынан бастап жалдамалы пәтерлер мен қонақүйлерде жасырынған 64 ұры мен алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"1 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында Алматыдағы Абылай хан даңғылының бойында орналасқан жалдамалы пәтерлердің бірінде Алматы облысының екі тумасы ұсталды. Олардың 2016 жылдың желтоқсан айында Таугүл-3 ықшамауданында құны жарты миллионға жететін мүлікті тонап, ұрлық жасағаны анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардың Алатау және Жетісу аудандарындағы пәтерлерде ұрлық жасағаны анықталды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыдағы Тұрғыт Озал көшесі көшесіндегі жалдамалы пәтерде тұрып келген Алматы облысы Қарасай ауданының тумасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1 қаңтарда BMW автокөлігінен құны 880 мың теңге тұратын мүлікті тонап кеткен. Сонымен қатар, оның 7 қаңтарға қараған түні Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында көліктен біреудің мүлкін тонап кеткені дәлелденді.
"4 қаңтарда Астанада криминалдық полиция қызметкерлері осыған дейін сотты болған ер адамды ұстады. Ол Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты, осы уақытқа дейін түрлі жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Ұсталған ер адамның 2016 жылдың 29 желтоқсанында (келтірілген шығын - 35 миллион теңге) және 2017 жылдың 3 қаңтарында (келтірілген шығын - 800 мың теңге) ломбардтардың бірінен ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткені анықталды", - деді ведомстводағылар.
Сонымен қатар, елордада қаңтар айында 9 миллион теңге ұрлаған Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы және 28 жастағы тұрғындары ұсталды. Олар Астанада Абылай хан даңғылында орналасқан жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрған.