Жаңаөзенде азық-түлік сататын дүкеннің кассасынан белгісіз біреулер 400 мың теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

17 мамырда 08:30 шамасында Жаңаөзендегі полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, арыз берген.
Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз біреулер дүкен кассасынан 400 мың теңге алып кеткен.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бір күдіктіні анықтап ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Жаңаөзен полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді, - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Құқық бұзушылық дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Еске салайық, осыған дейін Желіде Жаңаөзенде болған дүкен тонау қылмысы түсірілген видео жарияланған еді.