15 тамыз 2016 | 17:47

Полицейлер Қапшағайдағы мектеп маңында көмілген нәрестенің анасын ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Полицейлер Қапшағайдағы мектеп маңында көмілген нәрестенің анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Қапшағайдағы мектеп маңында көмілген нәрестенің анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында жаңа туған нәрестенің анасы табылды. Қазіргі уақытта ол Алматыда ауруханада жатыр. Күдікті Қапшағайдың кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Ол баласын Қапшағайдағы пәтерлердің бірінде өздігінен босанғанын, баласын өлтірмекші болғанын мойындады", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған қыздың кәмелет жасқа толмауына байланысты полицейлер істі тергеу құпиясы деп, тағы қосымша ақпаратты бере алмады. 

"Осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта тағайындалған сараптамалардың нәтижелері күтілуде", - деді полициядағылар.

ІІД мәліметінше, бұл дерек бойынша Қапшағай полицейлері қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық істі ашу мақсатында жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру шаралары Облыстық департамент басшыларының ерекше бақылауында болған.

Еске салайық, 9 тамызда Қапшағайда балалар мектеп маңында көмілген нәресте тауып алған еді. "Нәресте 1-ші ықшамаудандағы №2 мектеп-гимназиясының стадионында табылды. Оны көміп тастаған. Нәресте жастыққапқа ораулы болды. Оны балалар тауып алып, ата-аналарына айтқан. Кейіннен олар полицейлерді шақырған", - деген еді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды өндіріс басталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети