Таңғы сағат 11-дің шамасында Орталық саябақтан күдікті сөмке табылған. Сол себепті қарағандылық полицейлер сөмке табылған көлшіктің жағасын дереу қоршауға алды, - деп хабарлайды "Новый вестник".
Таңғы сағат 11-дің шамасында Орталық саябақтан күдікті сөмке табылған. Сол себепті қарағандылық полицейлер сөмке табылған көлшіктің жағасын дереу қоршауға алды, - деп хабарлайды "Новый вестник".
Қазір ол аумақ толықтай қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті сөмке табылғаннан кейін полицейлер оның ішнен адамның бөлшектелген дене мүшелерін алып, жерге қатар-қатар қойған. Осыған байланысты қала тұрғындары бұл дене мүшелері осыдан бірнеше күн бұрын табылған әйелге тиесілі деген болжам айтуда. Ол кезде көлшікте белгісіз әйелдің кесілген басы жүзіп жүрген болатын. Қазіргі уақытта ішкі істер департаменті бұл оқиғаға байланысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.
Еске саламыз, адамның кесілген басын Қарағанды тұрғындары 29 мамырда тауып алған болатын. Ол уақытта оқиға орнына жеткен сүңгуірлер судың астынан басқа да дене мүшелерін іздеп, таппай кеткен болатын. Болжам бойынша бұл әрекет қылмысты жасыру үшін жасалған. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіру үстінде.