Полицейлерді тістеп алған семейлік сотта өз әрекетіне өкінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Семей қаласының №2 сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
Полицейлерді тістеп алған семейлік сотта өз әрекетіне өкінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Семей қаласының №2 сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
№ 2 сот Семей тұрғынына қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі ("Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру") бойынша қылмыстық іс қаралды.
"Шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері көп пәтерлі үйдің кіреберісінде сотталушыны мас күйінде кезіктірген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мас адамға өзімен жүруді ұсынған. Көліктің салонында отырып, бұзақы бір полицейдің сол иығын тістеп алып, екінші полицейдің оң қолының саусағын тістеп алған. Полицейлердің өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған денсаулығына қауiпті емес күш қолданған", - деді сот баспасөз қызметіндегілер.
Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, істеген әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.