Ақтауда кәмелетке толмаған қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйелге қатысты жаңа деректер шықты. Алматыда жалғызбасты әйел оны 25 мың долларымды ұрлап кетті деп айыптап отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Ақтауда кәмелетке толмаған қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйелге қатысты жаңа деректер шықты. Алматыда жалғызбасты әйел оны 25 мың долларымды ұрлап кетті деп айыптап отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Оксана Шип сіңлісі Маринаның екі жыл бұрын мүгедек қызымен далада қалып қойған бір келіншекті үйінде тұра тұруға жағдай жасағанын айтып берді. Ал жарты жылдан кейін барлық бағалы затынан айырылып тынған. Сол уақытта үйінде тұрып келген әйел қызымен бірге ұшты-күйлі жоғалған.
Зарина Байдосова сол уақыттан бері ізделген, алайда телефоны сөндірулі болған. Ал таяуда полицейлерден қашып, көпқабатты үйден секіріп кетті деген адамшошырлық жаңалықтар шыққаннан кейін жәбірленушілер полицейлердің Заринаны Ақтаудан іздеп тапқанын білген.
"Ол тек бағалы заттарды ұрлаған. Сол күні шын мәнінде бізге жақсы болады десіп, түнгі екілер шамасында, біз үйде жоқ кезде келіп, жастықтарды қолына алып, ұшты-күйлі жоқ болған. Бір таңғалғаным, терезеден секіргенде де оның жастық құшақтап секіргені таңғалдырды. Не үшін былай жасайтынын білмеймін, бірақ ол жастық құшақтап секірген", - деді алматылық тұрғын.
Еске салайық, оқиға Ақтауда таяуда болған. Ол кезде Зарина қызымен бірге үшінші қабаттағы балконнан секірген. Кейін оның ұрлық жасады деген күдікпен ұстап алған полицейлерден қашқаны туралы айтылды. Зарина Байдосованың үстінен шымкенттік полицейлер ғана емес, Алматы қаласының тергеушілері де "ұрлық" дерегімен іс қозғаған екен. Алайда ауруханада жатқан әйел өзін жаланың құрбанымын деп отыр. Ал кімнің рас, кімнің жалған сөйлеп жатқанын енді Маңғыстау облысының прокуратурасы анықтауы тиіс.