15 қазан 2020 20:26

Полицейлердің қазасы: Жол апатына кінәлі деген күдікті мас болған

Щучинскідегі өлімге әкеп соққан апатқа қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскідегі өлімге әкеп соққан апатқа қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қаза тапқан жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікті мас болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, Lexus жүргізушісі орташа дәрежеде мас болған.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 346-бабының 6-бөлігіне қайта сараланды.

Lexus-те екі жолаушы болған. Олар да мас болған, қазір ауруханада жатыр.

Еске салайық, жол апаты 15 қазанда қаладағы Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, Lexus NX20 көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram