15 қазан 2020 11:12

Щучинскіде полицейлер жол апатынан қаза тапты - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскіде екі полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Щучинскіде екі полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 15 қазанда қаладағы Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Жол апаты видеоға түсіп қалған.

"Lexus NX20 көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.

Lada-21214 қызметтік автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттарынан қаза тапқан. Қаза тапқан қызметкерлер қызметтік міндетін орындау кезінде болған, олар жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан", - делінген хабарламада.

Жол апатына кінәлі ер адам осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы және 346-бабы бойынша бірнеше рет сотталған 25 жастағы жергілікті тұрғыны болған. Ол көлік жүргізу құқығынан 2022 жылға дейін айырылған.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети