15 қазан 2020 18:09

Щучинскіде жол апатынан қаза тапқан полицейлер туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Отарбаев (сол жақта) және Қанат Хамидуллин (оң жақта). ІІМ баспасөз қызметінің суреті Қанат Отарбаев (сол жақта) және Қанат Хамидуллин (оң жақта). ІІМ баспасөз қызметінің суреті

Ішкі істер министрлігі Щучинскіде жол апатынан қаза тапқан полицейлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Щучинскіде жол апатынан қаза тапқан полицейлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция капитаны Қанат Отарбаев ішкі істер органдарында 16 жыл қызмет еткен. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 22 рет марапатталған. Оның артында жары мен үш баласы қалды, кенжесі - үш жаста.

Полиция капитаны Қанат Хамидуллин ішкі істер органдарында 12 жыл жұмыс істеп, осы уақыт ішінде 23 марапатқа ие болған. Оның артында жүкті әйелі мен жеті жастағы ұлы қалды.

"Олардың кәсіби шеберлігі, әдептілігі, жұмысқа деген адалдығы басшылық тарапынан да, тұрғындар тарапынан да бірнеше рет бағаланды. Оларды әріптестері құрметтеді. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен достарымен бірге қайғырады", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Жол апаты 15 қазанда қаладағы Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, Lexus NX20 көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети