15 қазан 2020 18:07

ІІМ басшысы қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бүгін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан учаскелік полиция инспекторлары Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің отбасыларына қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олардың кәсібилігі, әдептілігі, жұмысына деген адалдығы басшылық және халық тарапынан бірнеше рет бағаланды. Олар әріптестерінің арасында сыйлы еді. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - дейді ішкі істер министі Ерлан Тұрғымбаев.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Щучинск қаласында болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларынан қайтып келе жатқан. Осы кезде жол ережелерін елемеген "Лексус" жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына жоғары жылдамдықпен өтіп кетіп, "Нива" қызметтік көлігімен соқтығысқан. Полиция қызметкерлері алған жарақаттарынан оқиға болған жерде көз жұмды.

Жүргізуші бұған дейін көлікті мас күйде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ауруханада күзетпен жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, ол бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети