Алматыда аккумулятор ұрлаумен айналысып келген деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда аккумулятор ұрлаумен айналысып келген деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қалада Қазақстанның әр өңірінен келген төрт жігіт осындай қылмысқа барған. Негізінен олар жеке сектордағы үйлерден ұрлап жүрген.
"Түнгі уақытта көліктерді бақылап, үйінің алдына қойылған немесе қауіпсіздік дабылы жоқ көліктерді тонап келген. Бірнеше минут ішінде қаскөйлер көліктің аккумуляторын шешіп кетіп, ізім-ғайып жоғалатын болған. Қазіргі уақытта олардың барлығы ұсталды, қамауға алынды. Тергеу барысында қайысысы қандай рөл атқарғаны анықталады. Әзірге олардың осындай 13 қылмысқа қатысы бары анықталды, осы іске қатысты заттай деректер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Дінмұхамед Әуелхан.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа да деректерді анықтап, аккумуляторлардың қайда өткізілгенін анықтайтын болады. Ұрланған аккумуляторларды қабылдаушылар да заң алдында жауап беретін болады.