Алматыда екі жаяу жүрушіні қағып кеткен Toyota Corolla Levin жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр, екіншісі медициналық тексерістен кейін үйіне жіберілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 ақпанда сағат 10.00-де Алмалы ауданында болған. Шығыс бағытта жүріп келе жатқан Toyota Corolla Levin маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жаяулар жолына шығып кетіп, екі адамды қақты.
"Ішкі істер департаменті тергеу басқармасының мамандары бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне - "Жол қозғалысы ережесін бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру" нормасына сәйкес қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. Сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, тағайындалған сот-медицина сараптамасы жаяу жүргіншінің алған жарақаттарының деңгейін анықтайды. Алайда дәрігерлердің алдын ала мәліметі бойынша, көлік қағып кеткен қыз бассүйек-ми зақымын алған, оның бассүйегінде өте көп жарақат пен сынықтың бар екені анықталды. Қазіргі таңда бұл жарақаттарға - денсаулыққа ауыр зиян келтірілген деген баға беріліп отыр.
Еске сала кетейік, ақпанның 15-іне қараған түні Алматыда Cadillac автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жеке үйдің қақпасына соғылған болатын. Ол АDK сауда орталығына жақын маңдағы ағаштарға, содан кейін жарық бағанына, ақыры жер үйдің қақпасына соғылды, жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.