Полиция Алматыда интернет-алаяқты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Алматыда интернет-алаяқты ұстады Фото:elements.envato.com

Полицейлер Қазақстан өңірлері халқын ғаламтор арқылы алдап ақша алған алаяқты қолға түсірді. Құқықбұзушыны қарағандылық полицейлер Алматыдан ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қазақстан өңірлері халқын ғаламтор арқылы алдап ақша алған алаяқты қолға түсірді. Құқықбұзушыны қарағандылық полицейлер Алматыдан ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабарламаға сүйенсек, алаяқ туралы 15 қаңтарда Қарағанды тұрғыны полицияға шағым жасаған. Ол автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған. Желіде "ұтымды" ұсынысты көріп, сатушымен байланысқа шыққан. Алдын ала төлем үшін 70 мың теңге талап еткен.

"Жәбірленуші сатушы сөзіне сеніп, оның шотына қажетті соманы аударған. Бірақ тауарды ала алмаған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі.

24 қаңтарда жедел-іздестіру барысында қарағандылық полицейлер Алматы қаласынан күдіктіні ұстады. Ол Қостанайдың 25 жастағы тұрғыны", - делінген хабарламада.

Кейін ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға күдікті екені белгілі болды. Полиция айыпталушы Қазақстанның барлық аймағында арам ойын жүзеге асырғанын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети