Полиция бастығы өз кеңсесінде қыз зорлаған: апелляциялық сот шешімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция бастығы өз кеңсесінде қыз зорлаған: апелляциялық сот шешімі Марат Күштібаев. Фото: zhetysu.gov.kz

Талдықорғанда қалалық полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қалалық полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети