21 мамыр 2016 | 01:24

Полиция Батыс Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алғанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© БҚО ІІД © БҚО ІІД

Батыс Қазақстан облысында полиция жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында полиция жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, БҚО тұрғыны Жанат Есентаевты ("Абырой" ҚБ лидері) Орал соты митингке шығуға үндегені үшін қамауға алған. Заңға қайшы әрекеттер дерегі бойынша 16 мамырда БҚО ішкі істер департаментінде "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. ІІД өкілдерінің мәліметінше, биыл 22 сәуірден бастап "Абырой" ҚБ белсенділері мен лидерлері Орал мен Батыс Қазақстан облысы халқының арасында электронды БАҚ-тар мен WhatsApр мессенджерінің көмегімен заңсыз жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруға әрекет жасаған және айдап салу мәніндегі үндеулер таралған.

"Жер мәселесі бойынша бейбіт түрде пікір айту деген сылтауының астарында қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, бұзақылық әрекеттер, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға бағытталған заңға қайшы әрекеттер жасырылған, Одан үндеуді тыңдаған адамдар алданып қалуы мүмкін еді", - делінген ІІД хабарламасында.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының WhatsApр мессенджерінде алмасқан хаттарын тапқанын, онда шабуыл жасауға арналған қарулар (таяқ) және спирт сусындары жайлы айтылған, ал алаңға шақырылып жатқан халықтың "малдар", "топас" және "надан" деп аталғаны айтылады. Осы дерек бойынша биыл 5 мамырда БҚО ІІД "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.   

"ҚР ӘМ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты жүргізген сот-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Есентаевтың электрондық БАҚ-тарда таратқан үндеулерінде ұлттық араздықты қоздыру белгілері бар. БҚО ІІД жедел-тергеу тобы сот санкциясы бойынша жүргізген тінту кезінде "Абырой" ҚБ кеңсесінде Украинаның ұлттық туы және "Жаңаөзен" деп аталатын қолға тағылатын 80 орамал тәркіленді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети