ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 ақпан 2021 15:59
Полиция Екібастұзда болған кісі өліміне қатысты түсінік берді
Бүгін таңертең Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз қарудан ер адам оқ атқан. Жараланған ер адам оқиға болған жерде қаза тапты.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция оқиғаға қатысты қандай да бір ақпаратты білетін азаматтардан 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды. Жеке деректер сақталатынына кепілдік беріледі.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу