08 қыркүйек 2019 | 18:31

Полиция Қарағанды облысындағы бала өліміне қатысты күдіктінің суретін жариялады

Камила Долаева Журналист

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері ұрланған баланы табуға кең ауқымды іздестіру шаралары ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Алты жүзге жуық полиция, Ұлттық ұлан қызметкерлері, кинологтар, сондай-ақ, еріктілер іздестіру шараларына қатысты және квадрокоптерлер пайдаланылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің таныстары мен туысқандарының мекен-жайын тексеріп шықты.

Реклама
Реклама

3 жасар баланың мәйітін полиция қызметкерлері бүгін сағат 10.00 шамасында Қарағанды облысының Шет ауданында, Бурма ауылының маңында тапқан.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс (кісі өлтіру) тіркелді. Жедел-тергеу тобы мәйіт табылған орынды тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлерге күдіктінің белгілері таратылды.

"Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 17.11.1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлы іздестіріліп жатыр. Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, арық денелі, шашы қара, қысқа. Киімі: ашық түсті капюшоны бар қоңыр күрте, қара көк джинсы, қара бәтеңке "берцы" киген.

Қандай да бір ақпарат мәлім болса, Қарағанды облысының полиция департаментіне телефон арқылы хабарлауға болады: 8 (7212) 42-90-25, 8(7212) 42-91-90, 8(701)503-8887, 8(701)750 3752

Еске салсақ, Қарағанды облысында ұрланған 3 жасар бала өлі табылды. Мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен. Қаскөй бұған дейін де сотты болған. Ұрланған баланың туған-туыстарының ақпаратына сәйкес, ер адам сәбидің анасын бопсалап, онымен қарым-қатынас жасауды талап еткен. Ал келісім алмаған соң, ол ұлын ұрлап кеткен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная