Полиция қызметкері қаржы пирамидасына салған ақшасын қайтармақ болып, 7 жылға сотталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкері қаржы пирамидасына салған ақшасын қайтармақ болып, 7 жылға сотталды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде сот ақша бопсалады деп айыпталған полицейге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сот ақша бопсалады деп айыпталған полицейге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Айыптау актісінде №3 полицияның жедел бөлімінің қызметкері екі досымен бірге ақтөбелікті жанармай құю бекетіне, кейін қала сыртындағы үйге апарғаны айтылған. Оны бірнеше күн бойы ұстап, ақша мен Audi маркалы көлік талап еткен. Ер адам бопсалаушылардың бірінің әкесінің атына көлікке сенімхат жазғаннан кейін ғана босатылған. Қылмыскерлер оған 9 миллионнан аса теңге көлемінде шығын келтірген.

Сотта полиция қызметкері дәл осы жолмен ақшасын қайтаруға тырыстым деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ол "Тиімді қарыз" қаржы пирамидасына бір миллион теңгеден аса қаражат салған, салымды басқа адамның атына рәсімдеген, ал ЖШС банкрот болған кезде ұйымдастырушыны тауып, ақшасын алуға шешім қабылдаған.

Оның айтуынша, жәбірленушіге моральдық қысым жасамаған, қорқытпаған. Бірақ соттың ақпараты бойынша, оның өзі де, оның екі сыбайласы да қаржы пирамидалары туралы іс бойынша зардап шекпеген, олардың атына "Тиімді қарыз" ЖШС-да шот болмаған.

Нәтижесінде, ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды, оның екі серіктесі 6 және 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бабы бойынша айып тағылды, бірақ жәбірленуші оларды кешірді, іс тоқтатылды.

Қазір жәбірленушінің өзі "Гарант 24 Ломбард", "Тиімді қарыз" қаржы пирамидалары туралы іс бойынша сотталушы болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети