Полиция майоры екі адамды көлікпен қағып өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция майоры екі адамды көлікпен қағып өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды Midjourney

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция майорының алкогольдік масаң күйде өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасына ұшырауы бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция майорының алкогольдік масаң күйде өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасына ұшырауы бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың анықтауынша, 2024 жылдың шілдесінде ер адам Kia Sportage көлігін басқара отырып, Ақтөбе – Ақжар автожолында сағатына 121 шақырым жылдамдықпен, жылдамдықты асырған және аралықты сақтамаған. Ақжар-1 ауылында ол жолдың оң жақ шетімен келе жатқан велосипедші мен оның жолаушысын қағып кеткен.

Оқиғадан кейін сотталушы жол-көлік оқиғасы туралы ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккендердің екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

"Сот үкімі бойынша, сотталушы С. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотталушы полиция майоры арнайы атағынан айырылды", – делінген хабарламада.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін жеңілдететін жағдай деп таныды, алайда полиция қызметкерінің антты бұзуын ауырлататын фактор ретінде атап өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети