Ресейдің Миасс қаласының тұрғыны қазақстандық полицейлер әрекетіне шағымданды. Қаңтарда оның көлігі ұрланып, кейін ол Қазақстаннан табылған. Алайда ол көлігін әлі ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Ресейдің Миасс қаласының тұрғыны қазақстандық полицейлер әрекетіне шағымданды. Қаңтарда оның көлігі ұрланып, кейін ол Қазақстаннан табылған. Алайда ол көлігін әлі ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Егор Мухорин 2021 жылдың 28 қаңтарында полицияға Renault Logan көлігі ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Жеке такси компаниясы бар Егор көлікті жалға берген, бірақ қызметкер желіге шықпай, үш рет қана төлем жасаған.
"Апта сайын жүргізушілер кеңсеге көліктерді тексеруге келеді, бірақ ол келмеді. Көлік жүрген жерді көрсететін маяк Қазақстан шекарасынан өтіп кеткенін көрдім де, Миасс полициясына жүгіндім. Бұрын, көлік Ресей Федерациясы аумағында болған кезде, жалға алушы ақша төлеген, сондықтан көліктің жүрген жерін бақыламадым", - дейді ресейлік.
Қостанайда маяк белгісі жоғалып кеткен. Сондықтан Мухорин сақтандыру компаниясына жүгінген, онда базадан көлік Жезқазғанда екені анықталған. Қостанайда көлікті Данияр деген жігіт сатып алған екен.
"Серега көлікті жалған төлқұжат бойынша сатқан. Оның кім екенін ешкім білмейді. Өйткені олар сатып алу-сату шартын жасаспаған. Менің ойымша, Данияр көліктің ұрланғанын болжауы мүмкін. Ол оны арзанға алған - 1 650 000 теңгеге, яғни оның құнынан екі есе аз. Оны қазақстандық есепке қойған жоқ", - дейді Егор.
Мухорин Даниярға көлік құжаттарын көрсетіп, полиция шақырған. 5 ақпанда жалған құжат жасау дерегі бойынша соталды тергеу тіркелген. Көлік Жезқаған қаласындағы полиция аумағына қойылған.
"Мен Ресейге оралып, барлық қажетті сараптама қорытындысын күтіп, қайта оралдым. Маған ұрлық жасаған адамның анықталғанын, одан мойындау айғақтары алынғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта сот өтіп, ол 5,5 жылға сотталды", - деп еске алады Мухорин.
3 сәуірде Қарағанды облысы бойынша ПД тергеу басқармасының бастығы іс бойынша өндірісті тоқтатты, ал Егор Мухорин бұл туралы хабардар етілмеген.
Қостанай мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 5 сәуірде Жезқазған полиция бөлімі Даниярдың арызы бойынша Сергей есімді белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша соталды тергеуді бастаған.
22 сәуірде көлік тексеріліп, Жезқазған қаласының айып тұрағына қойылған. 26 сәуірде Қылмыстық іс материалдары Жезқазған қалалық ІІД-нен Қарағанды облысының прокурорына жолданған. 26 мамырда олар Қостанай қаласында – сатып алу-сату мәмілесі жасалған жерде өндіріске қабылданды.
2 маусымда Қостанай прокуроры соталды тергеу мерзімін 5 шілдеге дейін ұзартты. Ал 4 шілдеде Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры "Серега есімді азаматтың жеке басын анықтауға байланысты" соталды тергеуді тоқтату туралы қаулыны бекіткен.
Қыркүйекте Мухорин Қарағанды облысы бойынша ІІД тергеу бөлімінің бастығына телефон соғып, көлігін алып кете алатынын, бірақ ол үшін арнайы тұрақтан көлікті шығаруға тергеушіден рұқсат алу керек екенін білген.
"Қазір мен Миастамын. Екі полиция бөлімі мен прокуратураның екі бөлімі әлі күнге дейін қайсысы көлікті экстрадициялау туралы қаулы шығаратынын шеше алмады. Тек мені мазақ етіп отыр, жауапкершілікті бір-бірінің мойнына артып отыр. Қазақстанда екі аптадан аса уақыт жүруге тура келеді деп ойлаған жоқпын, күн сайын қалалар арасында шамамен 1500 шақырым жол жүремін", - деді Мухорин.
18 қазанда Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі басылымға Қостанай мамандандырылған тергеу сотының 2021 жылғы 4 қазандағы қаулысына сілтеме жасай отырып, жағдайға қатысты пікір білдірген: ПБ Қостанай облысының солтүстік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларының Мухориннің оған көлік беру туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімдері қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді.
"ҚР ҚІЖК 118-бабына сәйкес автокөлік Жезқазған ҚПБ бастығының қаулысымен қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде танылды және сот үкімі немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін тұрақта болады. Көлік қазір "Жезқазған әкімдігінің ЖК және АД қалалық жолдарын басқару" КМК аумағында орналасқан, ол оның сақталуына жауап береді ("ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы Келісімнің" 6-бабына сәйкес)", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша оған қатысушыларды хабардар ете отырып, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Яғни ПД баспасөз қызметі мәліметінше, олар Сереганы таппайынша, Егор Мухорин көлікті қамаудан алып кете алмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!