Полиция мен ҰҚК Алматы-Бішкек тасжолында арнайы операция өткізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция мен ҰҚК Алматы-Бішкек тасжолында арнайы операция өткізді видео кадры

Алматы облысында 58 келіден аса марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 58 келіден аса марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы - Бішкек тасжолының 58-шақырымында Toyota Camry көлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан қара полиэтилен қаптарға оралған үш полимер қап табылған. Оның ішінен ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат шыққан.

"Сараптама қорытындысы бойынша бұл кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 58 келі 560 грамм. Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 55 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети