Полиция мен ҰҚК Алматы мен Түркістанда күдіктілерді ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция мен ҰҚК Алматы мен Түркістанда күдіктілерді ұстады Фото:polisia.kz

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы Полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстан Республикасында тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып табылады.

Сонымен қатар, Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы болып табылады.

"Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети