Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді ©Youtube кадры

Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, баланы ұрып-соғу дерегі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттемелерін және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармау, оларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Мұндай қылмысқа 300 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан 75 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта баланың және оның анасының аты-жөні анықталып жатыр. Баланың анасы осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, облыстың арнайы медициналық мекемелерінде тізімде жоқ. Зардап шеккен балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Шешесін жауапкершілікке тарту туралы мәселе соталды тергеудің қорытындысында шешіледі. Кәмелетке толмаған бала үйінде анасымен бірге болады", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Таразда ұрып-соғылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады. Видео YouTube ресурсына салынғаннан кейін бірнеше күн ішінде 40 мың рет көріліп үлгерді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети