Ұрлықшылар ұсталды. Сурет ©СТВ телеканалы кадрынан алынды
Алматы қаласының полиция қызметкерлері ұрланған мектеп оқушысын құтқарып, ата-анасына қайтарып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап. Қаскүнемдер 15-жасар оқушының ата-анасынан 150 мың доллар көлемінде құн төлеуді талап етті. Оқушының әке-шешесі Алматы қалалық ішкі істер органына хабарласты, арада біраз уақыт өткенде екі күдіктінің жеке бастары анықталды. Олар ұсталып, ал оқушы құтқарылып, туыстарына қайтарылды. Алматының полицейлері бұл ұрлыққа қатысы бар тағы екі күдіктіні Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында қолға түсірді. Олар қуғындау кезінде бой тасалауға ұмтылды, алайда жол көлік апатына ұшырады, олардың көлігі алдымен талға соғылып, бағанаға барып тағы да соқтығысты. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Ұрлау фактісі бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері ұрланған мектеп оқушысын құтқарып, ата-анасына қайтарып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.
Қаскүнемдер 15-жасар оқушының ата-анасынан 150 мың доллар көлемінде құн төлеуді талап етті. Оқушының әке-шешесі Алматы қалалық ішкі істер органына хабарласты, арада біраз уақыт өткенде екі күдіктінің жеке бастары анықталды. Олар ұсталып, ал оқушы құтқарылып, туыстарына қайтарылды.
Алматының полицейлері бұл ұрлыққа қатысы бар тағы екі күдіктіні Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында қолға түсірді. Олар қуғындау кезінде бой тасалауға ұмтылды, алайда жол көлік апатына ұшырады, олардың көлігі алдымен талға соғылып, бағанаға барып тағы да соқтығысты. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Ұрлау фактісі бойынша олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.