Атырау қалалық ІІБ-нің "дәлелдерді қолдан жасады", "қызметтік өкілін асыра пайдаланды", "жемқорлыққа қатысы бар", "қызмет бабында жалған құжат жасады"деп және тағы да басқа қылмыстар бойынша айыпталған тоғыз қызметкердің ісіндегі басты фигурант Манарбек Өтеуов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол осыған дейінгі мәлімдемелерін жоққа шығарып, бар кінәні өзіне алды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Атырау қалалық ІІБ-нің "дәлелдерді қолдан жасады", "қызметтік өкілін асыра пайдаланды", "жемқорлыққа қатысы бар", "қызмет бабында жалған құжат жасады"деп және тағы да басқа қылмыстар бойынша айыпталған тоғыз қызметкердің ісіндегі басты фигурант Манарбек Өтеуов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол осыған дейінгі мәлімдемелерін жоққа шығарып, бар кінәні өзіне алды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
"Уақытша ұстау изоляторында болу мүмкін емес, сондықтан осы қадамға бардым. Мекеме қызметкерлері, соның ішінде Қанат Қадыров маған қысым көрсетіп жатыр. Шынымды айтсам, шаршадым, үш күн нәр татпадым, аштық жарияладым, жедел жәрдем шақырыңыздар", - деді ол.
Айтуынша, бірнеше күн бұрын қасық жұтып қойып, жедел түрде ауруханаға жеткізіліпті. Оған сонда ота жасалыпты. "Қайтып әкелгенде карцерге отырғызып қойды, тіпті жағдайым да түзелмеді", - деді Өтеуов.
Судьяның неліктен мұндай мәлімдеме жасағаны жайлы сұрағына ол жақындарының өміріне алаңдап отырғанын айтып, жауап қатты. "Бірінші кезекте жақындарым мен туыстарымның өміріне алаңдаймын, мені тезірек колонияға жіберсе, қуанар едім. Тағы да айтамын: барлық қылмысты өзім жасадым: басқа сотталушылар кінәлі емес", - деп мәлімдеді ол.
Осыдан кейін Өтеуов сот залынан шығарылып, бірнеше минут өткенде жедел жәрдем келген.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.
"Басшыларымның бұйрығымен мен Атырау қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс жасадым. Ақша төлемегендерді түрмеге отырғыздық, оларды шығару үшін 500 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін ақша талап еттік. Алматы қалалық ІІБ осылайша ауқымды бизнес-орталыққа айналды", - деп жазған Өтеуов хатында.
Сонымен қатар, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Өтеуовтің үстінен 16 қылмыстық эпизод бойынша іс қозғалғанын, оның ішінде адам өлімі мен жалған құжат жасаудың бар екенін хабарлаған елі. Қазіргі уақытта экс-полицей қамауда отыр. Іс сотта қарала бастады.