28 қазан 2014 | 17:03

Пойыз терезесін коньяк бөтелкесімен сындырған мас алматылық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Brd24.com ©Brd24.com

Боралдай - Алматы-1 аралығында көлік полицейлері Ақтөбе - Алматы жолаушылар пойызының терезесін сындырған 20 жастағы алматылықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Боралдай - Алматы-1 аралығында көлік полицейлері Ақтөбе - Алматы жолаушылар пойызының терезесін сындырған 20 жастағы алматылықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, күдікті терезені коньяк бөтелкесімен ұрып сындырған. Оқиға кезінде ол мас болған. Бұған қоса терезе сындыру кезінде 26 жастағы жолаушы жәбірленді. Жарақат алған ол ем қабылдаудан бас тартты. "қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Ведомствоның мәліметінше, терезе сындырғаны үшін алматылыққа ҚР ҚК 258 - "Вандализм" бабына сәйкес, 100-ден 500-ге дейін айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе ол 120-дан 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа, 6 айдан 1 жылға дейін түзеу жұмыстарына тартылуы немесе 1 жылға бостандығы шектелуі мүмкін.   

Полиция өкілдері терезені көбінде кәмелетке толмағандар сындырады және осыған ұқсас жағдайлардың көбейіп келе жатқанын айтты. Көліктегі ішкі істер департаментінің мәліметіне бойынша, жыл басынан бері жолаушылар пойыздарында осыған ұқсас 112 құқықбұзушылық тіркелді. Осы деректерге сәйкес "Вандализм, яғни ғимараттар немесе басқа да ескерткiштердi жазумен, суреттермен бүлдiру, және де қоғамдық өнегелiктi төмендететiн, қоғамдық көлiктер мен мүлiктерге зиян келтiру" бабы бойынша 64 қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети