05 наурыз 2014 18:53

"Прайм Плаза" бүлікшілеріне үш жыл жаза берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылардың бірі мен оның адвокаты. ©Тengrinews.kz Сотталушылардың бірі мен оның адвокаты. ©Тengrinews.kz

"Прайм Плаза" сауда - ойын-сауық орталығындағы бүлік туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов ауданы сотының залынан. Прокурор жеті күдіктіні бұзақылық әрекеттерді жасауға кінәлі деп тануды және оларға жалпы режимдегі колонияда екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрайды. "Прайм Плаза" мен бүлік кезінде зардап шеккен дәмхана өкілдері сотталушылардан келген шығынды өндіріп алуды талап етті. Сотталушылар болса, кінәларын мойындап, теріс қылықтарына өкініп, кешірім беруді өтінді. Еске сала кетейік, 2013 жылдың 31 тамызында "Прайм Плаза" орталығы алдында өткен концерт кезінде көрермендер бүлік жасаған еді. Жұрт алдында өнер көрсеткен әнші Қайрат Нұртас бір ән айтқан соң сахнадан кетіп қалды. Кейін ол ұйымдастырушылардың талап етуі бойынша сахнадан кеткенін айтты. Көрермендер бұған наразы болып, сахнаны, төңіректі қиратып кетті. Алматы полициясы бірнеше қылмыстық іс қозғады, соның ішінде, ойын-сауық орталығы жетекшілеріне қатысты да іс қозғалды. "Прайм Плаза" өкілдері бүлік кезінде ғимаратқа 28 млн теңгеден артық шығын келгенін мәлімдеді. Бірақ жүргізілген сараптама шығын көлемін 10 млн теңгеге жуық деп бағалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети