Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үйлердің бірін салған мердігерді сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үйлердің бірін салған мердігерді сотқа берді Фото: Алматы прокуратурасының сайтынан

Прокуратура Бостандық ауданындағы ірі тұрғын үй кешенінің бірін салушыға қатысты сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Бостандық ауданындағы ірі тұрғын үй кешенінің бірін салушыға қатысты сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органы Сәтбаев көшесі 26/4 мекенжайы бойынша орналасқан Бостандық ауданында тұрғын үй кешенін салу кезінде сәулет нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы учаскедегі тығыздалған құрылысқа, сондай-ақ саябақтардың, әлеуметтік нысандардың және тұрақ орындарының жетіспеушілігіне наразылық білдірген болатын.

"Прокурорлар халықтың тығыздығы ескерілмегенін және нысанды салу құрылыс нормаларының шекті рұқсат етілген параметрлерінен асатынын, сондай-ақ білім берудің әлеуметтік нысандарына түсетін жүктеме ескерілмегенін анықтады", - делінген хабарламада.

Құрылыс салушы 900 орындық мектеп салуға міндеттеме алды.

Сонымен қатар аталған нысанның радиусында балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге 2274 орын тапшы екен, яғни мектеп салынса да 1374 орын жетіспейтіні хабарланды.

"Құрылыс нормалары мен ережелерінің басқа да заңбұзушылықтары анықталды.    

Осыны ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы эскиздік жобаны келісу бойынша Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.      

Прокуратура шағын аудан тұрғындарының тілектері мен әлеуметтік мәселелерді ескере отырып, осы нысанның құрылыс тұжырымдамасын қайта қарау қажет деп санайды", - деді ведомство өкілдері.         

Осы бағытта жұмыстар жалғасатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети